Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу бойынша Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу бойынша Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
Отырыс барысында Мемлекет басшысының елорданы одан әрі дамыту мен Астанада ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу бойынша кеңесте берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Көрменің тіркеу құжаттамалары жобасын дайындау туралы "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының төрағасы Т.Ермегияев баяндады. Сондай-ақ отырыста "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ жұмысының Тұжырымдамасы жобасы мақұлданды. - Ирактан қашқан американдық әскери қашқын әйелге үкім шығарылды
Ирактан қашқан американдық әскери қашқын әйелге үкім шығарылды
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Ривера сондай-ақ бұлтартпас айғақтармен қарулы күштер қатарынан қуылды. Сотта 30 жастағы әскери әйел өз кінәсін толық мойындаған. - ҚР-да ағымдағы жылдың 1 тоқсанда нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеді
ҚР-да ағымдағы жылдың 1 тоқсанда нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы 1 тоқсанда республикада нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 12%-ға төмендеп, 1000 тірі туғандарға шаққанда 12,5 құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіш 14,2-ке тең болған. - Алматыда қоқыс салынатын бактен сәбидің денесі табылды
Алматыда қоқыс салынатын бактен сәбидің денесі табылды
Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, оның денесі қатты қалдықтардың бетінде жатқан. - Маңғыстау облысында теңізге шыққан демалушылар суға кетті
Маңғыстау облысында теңізге шыққан демалушылар суға кетті
1 мамыр күні түнгі сағат үште Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, Ақтау қаласынан 250 шақырым жерде теңізге шыққан демалушылардың моторлы қайығы суға батып кетті. - Бірінші вице-премьер Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралады
Бірінші вице-премьер Маңғыстау облысындағы бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралады
ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында бірінші вице-премьер "Өзенмұнайгаз" АҚ қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" тапсыру-қабылдап алу пункті (ТҚП) өндірістік базасының аумағына барып, осы кәсіпорынның қызметімен танысып, сонымен қатар жұмыскерлермен кездесті. Одан кейін Бақытжан Сағынтаев Жаңаөзенге "Астрахань-Маңғышлак" су құбыры арқылы келетін Волжск суын тазартумен айналысатын қаланың су тазартқыш құрылғылары аумағын қарап шықты. - Көліктен түсіп қалған екі жасар қыз бала ауруханада көз жұмды
Көліктен түсіп қалған екі жасар қыз бала ауруханада көз жұмды
Бүлдіршін сәрсенбі күні жүріп бара жатқан көліктен құлап түскен. Ауыр жарақат алған ол есін жиған жоқ, деп хабарлайды облыстық "Жедел медициналық жәрдем" орталығы мамандары. - Ағымдағы жылдың сәуірінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 179 теңгені құрады
Ағымдағы жылдың сәуірінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 17 179 теңгені құрады
Қазақстанда ағымдағы жылдың сәуірінде күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы жан басына шаққанда17 179 теңгені құрады, және өткен аймен салыстырғанда 0,2%-ға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі. - Павлодарда өгей әкесін өлтірген жігіт құрықталды
Павлодарда өгей әкесін өлтірген жігіт құрықталды
Павлодар облысы Екібастұз қаласының криминалдық полиция қызметкерлері өгей әкесін анасынан қызғанып өлтіргені үшін 30 жастағы қала тұрғынын құрықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті. - Елімізде жексенбі күні 3 бала суға кетті
Елімізде жексенбі күні 3 бала суға кетті
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында 6 және 7 жастағы бала абайсызда қар суы толған жыраға құлап батып кетті. - Қазақстандағы инфляция сәуірде 0,3% құрады
Қазақстандағы инфляция сәуірде 0,3% құрады
Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,3% құрады, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға бағалар өткен айда 0,2%-дан, ақылы қызметтерге - 0,5%-ға өсті. - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Серік Ахметовті қабылдады
Кездесу барысында Премьер-Министр еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен экономиканың өсу қарқынын ұстап тұру жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады. - Царнаевтың қазақстандық достары жалған куәгерлік жасағаны үшін айыпталуда
Царнаевтың қазақстандық достары жалған куәгерлік жасағаны үшін айыпталуда
BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, полиция Бостондағы лаңкестік ісі бойынша қамауға алынғандардың есімін жария етті. Олар Қазақстан азаматтары Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев және америкалық Робел Филипос. - Бүгін Президент Икімшілігінің Басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Бүгін Президент Икімшілігінің Басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Отырыс барысында ұйымдастыру мәселелері қаралды, сондай-ақ ішкі істер және кедендік бақылау органдарындағы басқарушы лауазымдарға кандидатуралар келісілді. - Сенат зейнетақы жүйесін жаңғыртуға бағытталған заң жобасын 16 мамырда жалпы отырыста талқылайтын болды
Сенат зейнетақы жүйесін жаңғыртуға бағытталған заң жобасын 16 мамырда жалпы отырыста талқылайтын болды
Бүгін Парламент Сенатында "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларының таныстырылымы болып өтті. - Алматыдан 298 шақырым жерде қуаты 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
Алматыдан 298 шақырым жерде қуаты 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 10:52-де (2013 жылғы 2 мамырда, Гринвич бойынша сағат 04:52-де) "ҚР БҒМ ҒК-нің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының" сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.