Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- Кешенді тестілеудің межеленген деңгейінен талапкерлердің тек үштен бірі өтті
Кешенді тестілеудің межеленген деңгейінен талапкерлердің тек үштен бірі өтті
Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша тек 27975 талапкер (жалпы санның 36,5%-ы) межеленген деңгейден өткен. - Алматыдағы әлеуметтік үйден 400 мың теңге ұрланды
Алматыдағы әлеуметтік үйден 400 мың теңге ұрланды
BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматыдағы әлеуметтік үйдің директоры ұрлық туралы шағыммен 102 қызметіне хабарласты. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері қылмыскердің терезедегі торды бұзып, ғимаратқа кіргенін және сейфтен 400 мың теңге ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен. - Алматы облысында су тасуы мүмкін
Алматы облысында су тасуы мүмкін
"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 22 шілде күні жаңбыр жауады. Таулардағы өзендер арнасынан асып, жергілікті ауылдарда су тасуы мүмкін. Естеріңізге саламыз, Алматы облысында дауыл тұратыны туралы ескерту соңғы рет 17 маусымда жасалған болатын. - Тиландтан оралған 6 жерлесіміз аса қауіпті ауруға шалдыққан
Тиландтан оралған 6 жерлесіміз аса қауіпті ауруға шалдыққан
Бұл дерт Сауд Арабия, Малайзия, Таиланд, Қытай елдерінде өршіп тұр. Сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі биыл шетелде демалудан бас тартуға шақырады. Дәрігерлер қажылықтың өзі қауіп төндіруі мүмкіндігін ескертеді. Мамандарды алаңдатып отырған бұл дерт - құс тұмауының жаңа түрі. Арабияда аталған кеселге шалдыққан 77 адамның 40-ғы көз жұмған. - Семей тұрғыны полицейді әдейі қағып кеткен
Семей тұрғыны полицейді әдейі қағып кеткен
Семейде көлік жүргізушісі патрульдік полиция батальонының қызметкерін қасақана қағып кетті. - Токио ең қымбат қала атағынан айырылды
Токио ең қымбат қала атағынан айырылды
Baq.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ангола астанасы Луанда шетелдіктер үшін ең қымбат қала ретінде Токионы басып озды. Бұл 214 қалада жүргізілген сауалнамадан соң белгілі болды. - 24 шілдеге арналған ауа райы
24 шілдеге арналған ауа райы
24 шілдеде Қазақстанның көп аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауады, қатты жел тұрып, түнде және таңертең тұман түселі, деп хабарлайды ТЖМ-нің баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып. - Шымкентте көлік басып кеткен адам тірі қалды
Шымкентте көлік басып кеткен адам тірі қалды
Шымкентте көлік қағып, басып кеткен адам аман қалды. Бұл оқиға Төле би және Адырбеков көшелерінің қиылысында орын алған. Көше қиылысынан өтіп бара жатқан скутер жүргізушісі автокөлікпен соқтығысып қалады - Алматыда полицейді атып кеткен
Алматыда полицейді атып кеткен
Бүгін Алматы қаласының Жетісу ауданында үйге түскен ұры полицейді атып жіберген, деп хабарлайды қаланың ІІД баспасөз қызметінен. - Пенлопа Крус қызды болды
Пенлопа Крус қызды болды
Испандық актриса мен актер Хавьера Бардемнің қызы дүйсенбі күні Мадрид клиникаларының бірінде дүниеге келді. - М.Иблязовтың әйелі мен қызы Италияға қайта оралуы мүмкін
М.Иблязовтың әйелі мен қызы Италияға қайта оралуы мүмкін
BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, заң тұрғысынан А.Шалабаева мен оның қызының Италияға қайтуы жоққа шығарылмайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің италиялық "Corriere della Sera" газетінің редакциясына берген ресми жауабында айтылған. Сұрақтар қашып жүрген банкир Мұхтар Иблязовтың әйелі А.Шалабаеваға қатысты болды. - Астанада бір тәулік ішінде ЖКО туралы 78 хабарлама келіп түскен
Астанада бір тәулік ішінде ЖКО туралы 78 хабарлама келіп түскен
"Жол полициясы басқармасының кезекші бөліміне бір тәулік ішінде жол-көлік оқиғасы туралы 78 хабарлама келіп түскен. Оның 26-сы ғана расталды", - деді Лариса Красникова. - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астана қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығына барды
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астана қаласындағы Ұлттық биотехнология орталығына барды
Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов салынып жатқан "Ұлттық биотехнология орталығы" ғылыми- инновациялық кешенінде болды. Нысан құрылысының барысы туралы Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов пен орталықтың бас директоры К.Момынәлиев хабарлады. - Қарағанды облысында бригадир жұмысшыны өлімші етіп сабаған
Қарағанды облысында бригадир жұмысшыны өлімші етіп сабаған
Қарағанды облысында кәсіпорын бригадирі жұмысшыларымен бірге арақ ішіп отырып, олардың бірін таяқпен ұрып өлтірген, деп хабарлайды аймақтық ІІД баспасөз қызметі. - Пара алды деген генерал мен украиндықтарға қатысты сот шешімі шықты
Пара алды деген генерал мен украиндықтарға қатысты сот шешімі шықты
Украина азаматтары Қазақстан қылмысты кодексінің 312 бабы 5 тармағы бойынша (ірі көлемде пара беру) бойынша кінәлі деп танылып, алты жыл бас бостандығынан айрылған. Жазаларын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.