Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Ақтөбеде агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрі Ақтөбеде агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Премьер-Министр ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, аймақтың жалпы өніміндегі ШОБ үлесінің өсімі үшін жағдайлар жасау, аграрлық секторда жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. - ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысындағы Индустрияландыру картасының нысандарын аралады
ҚР Премьер-Министрі Ақтөбе облысындағы Индустрияландыру картасының нысандарын аралады
Бүгін Ақтөбеде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов республикалық Индустрияландыру картасы жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады. - 2013 жылы Медициналық апат орталығы арқылы 3 мыңнан астам адам құтқарылды
2013 жылы Медициналық апат орталығы арқылы 3 мыңнан астам адам құтқарылды
"Медицина апаты, психологиялық қызмет жүйелерін дамыту жұмыстары жалғасуда. 2013 жылы Медициналық апат орталығы тарапынан 2573 жедел шығу ұйымдастырылып, 3030 адамға медициналық қызмет көрсетілді", - дейді министр. - ҚР Президенті "Елбасы жолы" киноэпопеясының шығармашылық ұжымымен кездесті
ҚР Президенті "Елбасы жолы" киноэпопеясының шығармашылық ұжымымен кездесті
Кездесу барысында шығармашылық топ өздерінің қазіргі қызметтері жайында әңгімелеп, таяу келешекке арналған жоспарлары жөнінде ой бөлісті. - Қазақстанда 2013 жылы өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны 18%-ға азайды - В.Божко
Қазақстанда 2013 жылы өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны 18%-ға азайды - В.Божко
2013 жылы Қазақстанда өндірістік кәсіпорындарда және өрттен көз жұмғандар саны 18%-ға азайды, деп ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен ҚР ТЖМ кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Владимир Божко мәлім етті. - Мәскеуде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті
Мәскеуде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті
Мәскеу халықаралық жоғарғы бизнес мектебінде халықаралық G-Global жобасы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның таныстырылымы өтті. Бұл туралы "Еуразиялық Экономикалық Ғалымдар Клубы" Қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады. - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Азия Даму банкінің вице-президентімен кездесті
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Азия Даму банкінің вице-президентімен кездесті
Бүгін Астанада ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (Қазақстандағы АДБ басқарушысы) Ерболат Досаев Азия даму банкінің вице-президенті Брюс Дэвиспен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. - ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Мажарстанда болды және "Қазақстан-Еуроодақ" семинарына қатысты
ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов Мажарстанда болды және "Қазақстан-Еуроодақ" семинарына қатысты
Будапешт қаласында Сыртқы істер министрі бастаған қазақстандық делегация "Иріптестікті нығайту: Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" атты халықаралық семинар жұмысына қатысты. - Қазақстан экпорттың құрылымы бойынша экспорты бір тауарға барынша шоғырланған әлемдегі 20 елдің қатарына кіреді - М.Майкенов
Қазақстан экпорттың құрылымы бойынша экспорты бір тауарға барынша шоғырланған әлемдегі 20 елдің қатарына кіреді - М.Майкенов
Қазақстан экпорттың құрылымы бойынша экскортты барынша бір тауарға шоғырланған әлемдегі 20 елдің қатарына кіреді және экспортты әр тауарға шаққанда - 0,42% келеді. Бұл туралы бүгін Ұлттық экспорт стратегиясын талқылау барысында "Kaznex Invest" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов хабарлады. - Ақмола облысының Ақкөл ауданында ірімшік жасайтын цех іске қосылады
Ақмола облысының Ақкөл ауданында ірімшік жасайтын цех іске қосылады
Астаналық тауар сату желісін жасақтау аясында Ақмола облысының Ақкөл ауданында ірімшік жасайтын цех іске қосылады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. - Қазақстандық жанкүйерлер Сочи Олимпиадасына 6 ақпан күні аттанады
Қазақстандық жанкүйерлер Сочи Олимпиадасына 6 ақпан күні аттанады
Қазақстандық жанкүйерлердің делегаты Сочидегі Қысқы Олимпиада ойынына 2014 жылдың 6 ақпаны күні кетеді, деп ИЖТМ Индустрия және туризм комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. - Мәжіліс Қылмыстық кодексті ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады
Мәжіліс Қылмыстық кодексті ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады
Жаңа редакция қылмыстық жазалау түрлерінің, қылмыс ұғымының түбегейлі түрде өзгертілуіне, пробациялық бақылаудың жетілдірілуіне, бір бөлігі қазіргі таңда қолданыстағы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және енді қылмыстық-құқықтық салаға ауыстырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтар институтының енгізілуіне байланысты. - Мәжіліс "Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс "Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс "Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының қаржылық қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. - Мәжіліс "Жалақыны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды
Мәжіліс "Жалақыны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын жұмысқа алды
Конвенцияның мақсаты жұмыс берушілердің жалақыны ақшалай нысанда уақтылы төлеу қажеттігі болып табылады. Борыштық міндеттемелер, сенімхаттар, купондар не заңды валютаға сәйкес келеді ейтіндей қандай да болмасын өзге нысанда төлеуге тыйым салынады. - Мәжіліс ең төменгі жалақы туралы Конвенцияны жұмысқа алды
Мәжіліс ең төменгі жалақы туралы Конвенцияны жұмысқа алды
"Конвенцияның мақсаты мемлекеттің ең төменгі жалақыны белгілеу рәсімін сақтау құқығын қамтамасыз ету болып табылады", - делінген хабарламада. - Қызылорда облысында еңбек нарығында сұранысқа ие 28 мамандық анықталды
Қызылорда облысында еңбек нарығында сұранысқа ие 28 мамандық анықталды
"Еңбек нарығына сараптама жасалып, сұранысқа ие 28 мамандық түрі анықталды. Олар тау рудасы, геологиялық барлау, геодезия және картография, туризм мен қонақ үй бизнесі және басқалары", - дейді облыс әкімі. - 2014 жылы Қазақстан Монреаль конвенциясына қосылады - А.Бектұров
2014 жылы Қазақстан Монреаль конвенциясына қосылады - А.Бектұров
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада авиациялық жүк тасымалы, жүк хабын құрудағы экономикалық, географиялық және заңнамалық алғышарттарды құру, әуе тасымалындағы заманауи технологиялар, Қазақстанда жүк әуе паркі даму стратегиясының әлемдік ағымдары мен болашағы талқыланған "Cargo Aviation Day 2014" басталды. - Ақмола облысында 2 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асады
Ақмола облысында 2 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы жобасы жүзеге асады
Ақмола облысы Ақкөл ауданында 2014 жылдың екінші жарты жылдығында жұмыртқа мен ет өндіру үшін құс фабрикасы салынады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. - Алматыда ішкі тұтыну тауарларын электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді
Алматыда ішкі тұтыну тауарларын электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді
Қалада ішкі тұтыну үшін әкелінетін тауарларды электрондық декларациялаудың пилоттық нұсқасы енгізілді, деп Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. - 2013 жылы ҚР-да авиациялық көлікпен 24 мың тонна жүк тасымалданды - А. Бектұров
2013 жылы ҚР-да авиациялық көлікпен 24 мың тонна жүк тасымалданды - А. Бектұров
Қазақстанда 2013 жылы авиациялық көлік арқылы 24 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы "Cargo Aviation Day - 2014" дөңгелек үстелінің барысында Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров мәлімдеді. - Жезқазғанда алдағы бес жылда 16 инвестициялық жоба жүзеге асады
Жезқазғанда алдағы бес жылда 16 инвестициялық жоба жүзеге асады
Қарағанды облысы Жезқазған қаласында алдағы бес жылда 16 инвестициялық жоба іске асырылады, деп қала басшысының баспасөз қызметі хабарлады. - 2014 жылы ШҚО-ның Тарбағатай ауданында 13 құс фермасын ашу жоспарланған
2014 жылы ШҚО-ның Тарбағатай ауданында 13 құс фермасын ашу жоспарланған
Ауданда мал тұқымын асылдандыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылған. 2013 жылы асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3 есеге артып, 19-ға жеткен. - 2014 жылы Ақмола облысының колледждерін жаңғыртуға 253 млн теңге бөлінді
2014 жылы Ақмола облысының колледждерін жаңғыртуға 253 млн теңге бөлінді
"Ақмола облысындағы 8 техникалық колледжде жаңа модефикациялық қондырғылар орнату үшін республикалық бюджеттен 200 млн теңге, тағы 10 колледждің материалдық техникалық базасын нығайту үшін облыс қазынасынан 53,1 млн теңге қаржы бөлінеді", - делінген хабарламада. - С. Ахметов ДСМ-не туберкулезбен күрес бойынша шараларды күшейту мақсатында ұсыныстар беруді тапсырды
С. Ахметов ДСМ-не туберкулезбен күрес бойынша шараларды күшейту мақсатында ұсыныстар беруді тапсырды
"Туберкулезбен күрес барысында осы мәселені түбегейлі шешу үшін нақты шараларды ұйымдастыруды тапсырамын. ДСМ-не осы мақсатта бар күш-жігерін жұмсауға тура келеді", - деді С.Ахметов.