Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- Алматыда жарты жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтардан 88,6 млрд теңге түсті
Алматыда жарты жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтардан 88,6 млрд теңге түсті
Алматыда жарты жыл ішінде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша - 88 миллиард 647 миллион теңге түсті, - деп Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті хабарлады. - 2014 жылы Қазақстандағы егін өнімділігі орташа деңгейден жоғары болмақ
2014 жылы Қазақстандағы егін өнімділігі орташа деңгейден жоғары болмақ
Оның айтуынша, қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында орақ науқаны басталып кеткен. - "ҚазТрансОйл" АҚ 6 ай ішінде мұнай тасымалдау көлемін 25 млн 44 мың тоннаға жеткізді
"ҚазТрансОйл" АҚ 6 ай ішінде мұнай тасымалдау көлемін 25 млн 44 мың тоннаға жеткізді
Жеке "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша мұнай тасымалдау көлемі 25 млн. 44 мың тонна құрады, бұл 2014 жылғы 1 жартыжылдық жоспардың 99,5 пайызын құрайды, -деп "Самұрық-Қазына" АҚ хабарлады. - Ақмола облысында археологтар түркі кезеңіндегі жауынгердің жерленген жерін тапты
Ақмола облысында археологтар түркі кезеңіндегі жауынгердің жерленген жерін тапты
Ақмола облысының Жақсы ауданында археологтар түркі кезеңіндегі жауынгердің жерленген жерін тапты, - деп облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. - Қазақстанда сүт-тауар фермасын несиелендіру бағдарламасы іске қосылды
Қазақстанда сүт-тауар фермасын несиелендіру бағдарламасы іске қосылды
"Сүт-тауар фермаларын құру мен кеңейту" бағдарламасы "Агробизнес-2020" мемлекеттік салалық бағдарламасының шеберлік жоспарын іске асыру мақсатында дайындалды. Жеке және заңды тұлғалар 50 және 100 бас ірі қара малының сүт-тауар фермасын құру мен кеңейтуге несие ала алады", - делінген хабарламада. - Қазақстанда егістің 80%-на өңдеу жүргізілді
Қазақстанда егістің 80%-на өңдеу жүргізілді
"Астық дақылдары ауруларына қарсы өңделетiн егiс алқабы 2,2 млн гектарды құрайды. Химиялық өңдеуден өтетін егiстiктердiң алаңы 1,7 млн гектардан аспайды. Бұл болжалған көлемнiң - 76%", - деді С. Хасенов. - АШМ 2014 жылы астық дақылдарының ауруларымен қарсы күреске 2,7 млрд теңге бағыттады
АШМ 2014 жылы астық дақылдарының ауруларымен қарсы күреске 2,7 млрд теңге бағыттады
Ағымдағы жылы астық дақылдарының ауруларына қарсы химиялық өңдеу өткізу үшін 2,7 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы ОКҚ өткен бирфингте ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлім етті. - Ақтөбе облысында мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылады
Ақтөбе облысында мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылады
Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу үшін облыста 2014 жылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жұмыспен қамту картасы жасақталды, оған сәйкес, 1008 мүгедектерді тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастыру жоспарланды, - деп облыс әкімдігінен хабарлады. - Маңғыстау облысының кәсіпкерлері ауылды жерлерде ШОБ-тің дамуын талқылады
Маңғыстау облысының кәсіпкерлері ауылды жерлерде ШОБ-тің дамуын талқылады
"Ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негізі саласында сауатын ашу қажет. Бұл жердегі ең басты мәселе - ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға өздері ұмтылулары қажет. Біз өз кезегімізде, бұл тақырып қызықты жандардың барлығын қолдауға әзірміз", - деді Жаңаөзен қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қошбай Қызымбаев. - Қызылорданың кәсіпорындары 6 айда 554 млрд теңгенің өнімін өндірді
Қызылорданың кәсіпорындары 6 айда 554 млрд теңгенің өнімін өндірді
Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 12 млрд. 066 млн.теңгені құрап, тамақ өнеркәсібінде ет өнімдері 7,4 пайызға, нан өнімдері 46,9 пайызға артты. - Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру 5 есеге азаяды - ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру 5 есеге азаяды - ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі
ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі санитарлық-эпидемиологиялық саладағы қызмет бойынша жаңа қадағалау-бақылау әдістерін құруға көшті, - деп ведомстводан хабарлады. - Материалтану халықаралық орталығы ғылым мен нарықтың байланысын қамтамасыз етеді - БҒМ
Материалтану халықаралық орталығы ғылым мен нарықтың байланысын қамтамасыз етеді - БҒМ
Бүгінде елімізде Материалтану халықаралық орталығы белсенді жұмыс істеуде, - деді баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев. - ҰҚШҰ мүше елдер бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық - 2014" бірлескен оқу-жаттығулары басталды
ҰҚШҰ мүше елдер бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық - 2014" бірлескен оқу-жаттығулары басталды
Бүгін Қырғыз Республикасының "Ала-Тоо" оқу орталығында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер бітімгершілік күштерінің "Мызғымас бауырластық - 2014" бірлескен оқу-жаттығулары басталды,- деп хабарлайды www.mod.gov.kz сайты. - Қазақстанда "Технологияны коммерциялау" инновациялық ғылыми жоба байқауының қорытындысы бойынша 16 инновациялық жоба анықталды
Қазақстанда "Технологияны коммерциялау" инновациялық ғылыми жоба байқауының қорытындысы бойынша 16 инновациялық жоба анықталды
Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде "Технологияны коммерциялау" инновациялық ғылыми жоба байқауының қорытындысы шығарылды,- деп хабарлады бүгін ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев баспасөз конференциясында. - Көлік және коммуникация министрлігінде заңнамалық құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жайы талқыланды
Көлік және коммуникация министрлігінде заңнамалық құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жайы талқыланды
Көлік және коммуникация министрлігі жолаушылардың тұрақты автобус маршруттарының тарифін қалыптастыру мәселелерін реттейтін заңнамалық құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде бастама жасады, - деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. - Қазақстанда 400-ге жуық метрологиялық зертхана өнімді калибрлейтін болады - ИЖТМ
Қазақстанда 400-ге жуық метрологиялық зертхана өнімді калибрлейтін болады - ИЖТМ
Қазақстанда 400-ден астам метрологиялық зертхана калибрлеу жұмыстарын жасайтын болады. "Соның ішінде тек 10 пайызы ғана қазіргі таңда калибрлей алады. Бұндай іске неғұрлым көп зертхана қол жеткізе алса, соғұрлым аталмыш істі жүргізу жеңілдейді. Калибрлеуден алынған нәтиже тексерістен түскен қорытындыдан анағұрлым нақтырақ болады", - дейді. - Семейде ШОБ-ті тексеруге мораторий жариялау бюджет түсімін төмендеткен жоқ - әкімдік
Семейде ШОБ-ті тексеруге мораторий жариялау бюджет түсімін төмендеткен жоқ - әкімдік
"Біз қаладағы кәсіпкерлердің бұл мүмкіндікті өз табысын жасыру немесе кейбір заңдылықтар мен тәртіптерді сақтамау мүмкіндігі емес, керісінше, өзін-өзі басқару, үлкен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде қарастыратынына көз жеткіздік", - деп атап өтті М. Нүгеров. - Атырау облыстық ХҚКО-да халыққа 160 мемлекеттік қызмет ұсынылады
Атырау облыстық ХҚКО-да халыққа 160 мемлекеттік қызмет ұсынылады
Атырау облыстық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі 160-қа жетті. Тиісінше тек қалалық бөлімшелердің өзінде тұтынушылар саны 3500-4000 адамға дейін артты. - Астанада Қазақстанның Метрологтар кеңесінің 5- отырысы өтуде
Астанада Қазақстанның Метрологтар кеңесінің 5- отырысы өтуде
Жалпы, жиында Қазақстан Республикасындағы өлшеу құралдарын калибрлеуді дамыту мәселесі талқыланып, Қазақстан Республикасының "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Метрологтар кеңесі мүшелерінің ұсыныстары қаралады. - ТЖМ күштері төтенше жағдайлар салдарын жоюда
ТЖМ күштері төтенше жағдайлар салдарын жоюда
Өткен тәулікте ТЖМ күштері Көкшетау, Екібастұз, Балқаш қалаларында болған төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жұмылдырылды және ондағы азаматтарға көмек көрсетті, - деп ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. - "Энергетика саласындағы чемпиондар" байқауының жеңімпазына 4 млн теңге беріледі
"Энергетика саласындағы чемпиондар" байқауының жеңімпазына 4 млн теңге беріледі
Астанада тамыздың 16 күні "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы 25 маусымда жариялаған "Энергетика саласындағы чемпиондар" байқауының жеңімпаздары анықталады. - Аралды дамытуға 8,6 млрд теңге қажет - аймақ басшысы
Аралды дамытуға 8,6 млрд теңге қажет - аймақ басшысы
"Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары" әзірленді. Жобаны Арал ауданының әкімі А.Мұхимов аудан активінде аймақ басшысы Қ. Көшербаевқа таныстырды, - деп облыс әкімдігінен хабарлады. - ОҚО-да кәсіпкерлердің 333 жобасы "БЖК-2020" бойынша субсидия алады
ОҚО-да кәсіпкерлердің 333 жобасы "БЖК-2020" бойынша субсидия алады
Субсидияланатын жобалардың несиелік портфелі 94,31 млрд теңгені құрайды. - Павлодар облысының жеке меншік нотариустары 206,5 мың нотариаттық іс-әрекетті жүзеге асырды
Павлодар облысының жеке меншік нотариустары 206,5 мың нотариаттық іс-әрекетті жүзеге асырды
"Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында Иділет департаменті, қалалық және аудандық әділет басқармалары 17366 азаматтық хал актілерін тіркеген. Есептік кезеңде Иділет департаментінде 9 жекеше нотариус есептік тіркеуден өтті. 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеке нотариустар 206 436 нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асырған, бюджетке аударылған салық сомасы 38 439 514 теңгені құрады", - делінген хабарламада.