Жыл: | |
Ай: | |
Күндер: |
Қазір көрсетіліп отыр: Барлық жаңалықтар
- Қызылорда облысыныӊ Белкөл кентін газдандыру қараша айында аяқталмақ
Қызылорда облысыныӊ Белкөл кентін газдандыру қараша айында аяқталмақ
Биыл облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы Қызылорда -2 АГТС -нен тартылатын газ құбырынан Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теӊге қаржы қаралды. Қала іргесіндегі кентті газдандыру жұмыстары сәуір айынан басталып, бүгінде 20 шақырым газ құбыры жүргізілді. Осы жылы қараша айында кент тұрғындары "көгілдір отынды" пайдалана бастайды - Туризмді дамыту жөнінде Бурабайда апта сайын бас қосу өткізіліп тұратын болды
Туризмді дамыту жөнінде Бурабайда апта сайын бас қосу өткізіліп тұратын болды
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Үкімет басшысы тапсырған қысқа мерзім ішінде Бурабайды әлемдік деӊгейдегі курортты аймаққа айналдыру міндетін орындау үшін қыруар жұмыстар жүргізу қажеттігін айтып, бұл істен жергілікті кәсіпкерлердіӊ шет қалмауы қажеттігіне, олар неғұрлым белсенді жұмыс жүргізіп, жаӊа идеяларды жүзеге асырулары керектігіне назар аударды. - Ақмола облысыныӊ Еӊбекшілдер ауылындағы орта мектептіӊ мұғалімі химия пәнін ағылшынша оқытуда
Ақмола облысыныӊ Еӊбекшілдер ауылындағы орта мектептіӊ мұғалімі химия пәнін ағылшынша оқытуда
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде химия пәні мұғалімі мамандығын алып шыққан. Шет тілін жақсы меӊгерген. Жақында аталмыш университетте арнайы ұйымдастырылған жаратылыстану бағытындағы пәндерді шет тілінде оқытуға арналған екі айлық курста оқып, біліктілігін шыӊдап қайтты. - Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында 184 азаматтыӊ жалпы құны 650 млн 820 мыӊ теӊгені құрайтын жобалары қаржыландырылды
Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында 184 азаматтыӊ жалпы құны 650 млн 820 мыӊ теӊгені құрайтын жобалары қаржыландырылды
Қызылорда облысыныӊ Шиелі ауданында 184 азаматтыӊ жалпы құны 650 млн 820 мыӊ теӊгені құрайтын жобалары қаржыландырылды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасыныӊ Шиелі ауданындағы филиал директоры Рысбай Нысанханов бизнес өкілдері алдындағы есепті кездесуінде айтты. - Ақмола облысындағы "Құмай" түркі археологиялық-этнографиялық қорым ескерткіші Орталық Азиядағы бірегей кешенге айналады деп күтілуде
Ақмола облысындағы "Құмай" түркі археологиялық-этнографиялық қорым ескерткіші Орталық Азиядағы бірегей кешенге айналады деп күтілуде
Қорым шет ел ғалымдарыныӊ да назарын аударуда. Олар Қазақстанныӊ мәдени мұраларыныӊ экспозициялары негізінде туризмді дамыту мен мұражайтану, этноархеологияны ғылыми-зерттеу тұрғысынан инновациялық тұжырымдарды қамтыған көрнекті жобаға әбден лайықты деп бағалауда. Бұл жоба Орталық Азиядағы бірегей кешенге айналуы әбден мүмкін. - Қызылорда облысыныӊ екі ұстазы "Жылдыӊ үздік педагогы" атағына лайық деп танылды
Қызылорда облысыныӊ екі ұстазы "Жылдыӊ үздік педагогы" атағына лайық деп танылды
Олардыӊ қатарында қызылордалық екі мұғалім бар. Олардыӊ бірі Сағатбек Қарапаев С.Илжіков атындағы № 144 орта мектептіӊ музыка пәні мұғалімі болса, Сәуле Илденова Қ. Мұхамеджанов атындағы № 1 мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. - Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды
Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында арнайы комиссия құрылды
Кеше Алматы облысында болған АН-28 ұшағы апатын тексеру мақсатында министрлікте арнайы комиссия құрылды. Бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр басшылығымен комиссия мүшелері авиациялық оқиға орын алған жерге аттанды. Оқиғаныӊ анық-қанығы жақын арада белгілі болады