Система Orphus

Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін

05.10.2021, 18:40 33994
Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін
Сурет: ашық көздерден
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАЗАН - Қазақстанның нан пісірушілері мен ұн тартушылары нан мен макарон өнімдерінің бағасының көтерілуі мүмкін екенін ескертеді.
 
Еліміздің бірқатар өңірінде ұн мен макарон өнімдері қымбаттады. Бір ғана Батыс Қазақстан облысында жоғарғы сұрыпты ұнның әр келісіне алты теңге қосылған. Наубайханалар алдағы қүндері бағаны тағы көтеріміз деп отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
 
Телеарна ақпараты бойынша, қуаңшылық кесірінен биыл егін аз. Бидайдың аздығынан шығын орнын толтыру үшін бағаны өсіруге тура келеді дейді шаруалар. Оралдық наубайханалар нан мен макарон өнімдерін қымбаттатпақшы. Олар бағаны өсіруден басқа амалымыз қалмады деп отыр. Өйткені жоғары сұрыпты ұнның құны алты теңгеге өскен. Бұрын келісі көтерме базарда 176 теңгеден сатылған болса, қазір ең арзаны – 182 теңге.
 

Біздің кәсіпорын әзір бағаны көтере қойған жоқ. Бірақ мен де нан бағасын қымбаттатамын. Себебі жазда алған ұнның қоры бітті. Кеше сатып алған ұнның бағасы келісіне 187 теңгеден шықты. Ұн қымбат", - дейді наубайхана директоры Олег Талецкий.

 
Диірмендегілер қордың аздығына алаңдап отыр. Онымен қоса қуаңшылықтан егін шықпай, сатып алуға бидай таппай отырғанын айтады. Сондықтан ұнның құнын көтерген. 
 

Бидайдың бағасы өсіп тұр. 40 пайызға, 45 пайызға, 50 пайызға өсіп тұр. Біз ұнды 8 пайызға – алты теңгеге қымбаттатып тұрмыз. Және жоқ бидай. Есіңізде ме, біз қазір 8 мың тонна істеп тастауға болады. Бірақ екі айдан кейін тоқтап қаламыз", - деп айтты нан комбинатының бөлім басшысы Талап Сапин.

 
Шенеуніктер шикізатқа сұраныс артқан сайын тауар құнының да қымбаттайтынан айтады. Онымен қоса егін шықпай, қорға жиналған өнімнің көлемі азайған. Биыл шаруалар әр гектардан небәрі 7 центрнерден бидай алыпты. Енді Батыс Қазақстан облысының шенеуніктері өзге өңірлерден, көрші елдерден бидай алдыруды жоспарлап отыр. 
 

Күздік бидайды екеуін қосып алғанда биыл 124 мың тонна жиналды. Орташа өнімділігі 7 центнерді құрап отыр. Өткен жылғымен салыстыратын болсақ, өткен жылы күздік бидайдан 20 центрнердің үстінде өнім алған болатынбыз. Былтырғы өнім мен биылғы өнімнің айырмашылығы әрине бидайдың өсуіне әкеліп соғады", - деді БҚО ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашев.

 
Бидай құны жаңа жылға таман тағы қымбаттайды дейді сарапшылар. Ұнмен қоса жұмыртқа, сүт бағасы да шарықтайтын болады. Себебі төрт түліктің жемі осы бидай кебегінен алынады. 
 

Сарапшылар бидайдың бағасы тоннасына 150 мың теңгеге жетеді деп отыр. Себебі, нарық ойыншылары, оның ішінде ауылшаруашылығымен айналысатындар өз қорларындағы бидайды жаңа жылға дейін ұстап отырады. Одан кейін қымбатқа сатады. Бидай қымбаттаса, наннан бастап бәрінің құны өседі", - дейді Республикалық бидай өңдеушілер одағының вице-президенті Таисия Колегова.

 
Қазірдің өзінде ұннан бөлек макарон өнімдері былтырғымен салыстырғанда елімізде 11 пайызға қымбаттаған. Онымен қоса ұн өнімдерін шығаруды наубайханадағылар азайтыпты.
 
Ақпарат көзі: ktk.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны